Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен ведомстваның алқа мәжілісі өтті

Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен ведомстваның алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков қатысты. Корпорация төрағасы 2023 жылы атқарылған қызметтің қорытындысы мен биылғы жылға арналған жоспарларды баяндады.

Жалпы агросаланы қаржыландырудың негізгі үлесі Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржыға тиесілі. Өткен жылы қаржыландыру көлемі 555 млрд теңгені құрап, ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Жалпы Корпорация былтыр 376 млрд теңгеге 16 181 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлерді қаржыландырды.

«Өткен жылы «Кең-дала» бағдарламасы бойынша 3,5 млн гектар егіс алқабы қамтылып, 3 796 фермерді қаржыландырдық. Бұл ретте қаржыландыру көлемі бойынша шағын және орта бизнес үлесі 99%-ды құрады. Сондай-ақ, климаттық жағдайларға байланысты қиындыққа тап болған фермерлерді қолдау үшін біз олардың төлем мерзімдерін ұзарттық. Бүгінгі таңда КазАгроҚаржыны қоса есептегенде 56 млрд теңгенің төлемі кейінге шегерілді», - деді Алмат Әшірбеков.

Корпорация төрағасы цифрландыруға жеке тоқталып, өткен жылы компанияның IT-мамандар тобы фермерлердің шағын несие алу үшін өтінім берулеріне, кредиттен кейінгі қызмет көрсету кезеңінде қажетті ақпарат пен анықтамаларды онлайн режимінде алуларына мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны әзірлеп, іске қосқанын атап өтті. Биыл қосымшаның сервистерін одан әрі дамыту, клиенттердің онлайн шарттар жасасу мүмкіндігі болуы үшін BPM жүйесін жетілдіру жұмыстары жоспарлануда.

«Біз сондай-ақ секторды қаржыландыруды ұлғайту жұмысын жалғастырамыз. Бюджеттен бөлінетін қаржыға қатысты оң шешім шығатын болса, қосымша инвестициялық жобаларға бөлу жоспарлануда», - деді ол.

Биыл да Аграрлық несие корпорациясы фермерлердің қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін өз қызметін одан әрі дамытуды жалғастырады.