«Агробизнес» несиелік бағдарламасы
Несиелеу жолдары
Тікелей несиелеу
Несие серіктестіктері (НС)
Микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)
Екінші деңгейлі банктер/ Еуразиялық даму банкі
Лизингтік компаниялар
Аймақтық инвестиция орталықтары (АИО) арқылы
Нысаналы мақсаты
Негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілерді жаңғырту; құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде реконструкция;
Айналым қаражатын толтыру (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қоспағанда).

Мерзімі
Жеке және/немесе тартылған қаражаттан:
- негізгі құралдар сатып алуға/құрылыс-монтаж жұмыстарына – 120 айға дейін;
- айналым қаражатын толтыруға – 48 айға дейін;
- 144 айға дейін (инвестицияға тікелей несие алушыларға ғана)

Жеңілдік мерзімі
Жеке және/немесе тартылған қаражаттан:
- негізгі құралдар сатып алуға/құрылыс-монтаж жұмыстарына – 24 айға дейін;
- айналым қаражатын толтыруға – 12 айға дейін;
- 36 айға дейін (инвестицияға тікелей несие алушыларға ғана)

Сомасы
қарыз алушыға 1 млн теңгеден (ҚР Ұлттық қорының қаражатынан-50 млн теңгеден) 5 млрд теңгеге дейін, қарыз алушылар тобына/ несие серіктестігіне 10 млрд теңгеге дейін
Мөлшерлеме
Жеке және/немесе тартылған қаражаттан:
- Тікелей несиелеу – жылдық 22% (ЖТСМ – жылдық 22%-тен бастап)
- НС/МҚҰ/ЛК/ЕДБ/ЕАДБ/АИО арқылы – жылдық 18% (ЖТСМ – жылдық 18%-тен бастап) (НС/ЛК/ЕДБ/ЕАДБ/АИО арқылы несиелеу кезінде маржа 4%-тен аспайды; МҚҰ арқылы несиелеу кезінде маржа 10%-тен аспайды)
- ҚР Ұлттық қорының қаражатынан – жылдық 6% (ЖТСМ – жылдық 6%-тен бастап) (инвестицияға тікелей несие алушыларға ғана)

Кепіл
Тікелей несиелеу, несие серіктестіктері, микроқаржы ұйымдары - Қоғамның кепіл саясатына сәйкес.
Екінші деңгейлі банктер/ Еуразиялық даму банкі, аймақтық инвестиция орталықтары - Қоғамның уәкілетті органының шешімімен белгіленген лимит шеңберінде кепілсіз.
Лизингтік компаниялар:
- халықаралық рейтингтік агенттіктердің рейтингі болса – кепілсіз;
- екінші деңгейлі банктер/Еуразиялық даму банкінің кепілдігімен.