Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл жарқын мереке - еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен ынтымақтың символы. Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды болары сөзсіз. Осы ретте ауыл шаруашылығы саласы - ел бірлігінің, адал еңбектің және өзара қолдаудың айқын көрінісі. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ үшін аграршыларды қолдау - басты міндеттердің бірі. Біз әрдайым сенім мен серіктестікке сүйене отырып, ауыл кәсіпкерлерінің дамына қолдау көрсетіп, ортақ жетістіктерге бірге жетіп келеміз. Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс пен береке тілейміз! Елімізде әрдайым бірлік пен ынтымақ нығайып, ауыл шаруашылғы саласы қарқынды дами берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.