Оның «789 KZ» атты жеке кәсіпкерлігінің атауы кездейсоқ таңдалмаған. Бұл атау – оның алғашқы еңбегімен тікелей байланысты. Қалада жүк тасымалы саласында жұмыс істеп жүрген кезде, алғашқы КамАЗ көлігінің нөмірі 789 KZ болған екен. Сол сәттен бастап бұл сан оның кәсібінің символына айналды. 2017 жылы Айжан тұрмысқа шығып, қала өмірінен ауылға – Павлодар облысы, Железин ауданының Кузьмино ауылына қоныс аударды. Жаңа орта, жаңа өмір оған тың мүмкіндіктер сыйлады. Осылайша, оның ауыл шаруашылығындағы жолы басталды. 2019 жылы Айжан алғаш рет «Аграрлық несие корпорациясынан» несие алып, қазақтың ақбас тұқымына жататын 20 бас қашар сатып алды. Бұл оның фермерлік қызметінің алғашқы қадамы еді. Ауыл шаруашылығында кәсіп бастаған кез келген жас сияқты, Айжан да бірқатар қиындықтарға тап болды. Соның ең үлкені – несие алу кезінде кепілдіктің жетіспеуі. Бұл мәселе көптеген жас кәсіпкерлерге таныс. Айжан үшін де бұл үлкен кедергі болды. Алайда ата-анасы сенім білдіріп, қолдау көрсетті. Олар өз мүлкін кепілге қойып, Айжанның арманына жол ашты. Толығырақ https://www.instagram.com/p/DXtvZi1Ct6H/?igsh=MXU3M3Nhamx4MTEwag== сілтемесі арқылы өтіп, оқи аласыз.
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.