«Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі: Аймақтық ынтымақтастық арқылы тұрақты су және жер ресурстарын басқаруға жәрдемдесу» тақырыбындағы сессияда өңір елдерінің өкілдері бас қосып, аграрлық сектордың өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Грузияның салалық министрліктері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қатысты. Кездесу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ФАО бірлесіп ұйымдастырылды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері де аталған алаңда белсенді қатысып, агросекторды дамытуға бағытталған қаржылық қолдау шараларының маңыздылығын атап өтті. Соңғы жылдары елімізде қаржыландыру құралдарының кеңеюі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың тұрақты дамуына серпін беруде.
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.