Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Құрылысты тастап, мал бақты

Бұл мыңғырған мал «Әділ» шаруа қожалығына тиесілі.

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз елді мекенінде орналасқан шаруашылықта қазір 500-ден астам ірі қара, 600 шақты қой, 100-ге тарта жылқы бағылып жатыр. Шаруашылықтың дамуына мемлекеттің қолдау бағдарламалары сеп болды.

Қожалық иесі Берік Нұрмұхамбетов мал шаруашылығына 10 жыл бұрын құрылыс саласынан ауысқан. Тұрғын үй, мектеп, емхана, спорт кешені секілді түрлі әлеуметтік нысандар тұрғызған құрылыс фирмасының басшысы бір сәтте бәрін тоқтатып, бала жасынан жанына жақын кәсіп – мал шаруашылығын бастап кетті.

«2013 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан алғашқы несие рәсімдедім. 8,5 миллион теңге алып, 42 бас мүйізді мал мен байыс тұқымды қой сатып әкелдім. Мал азығын дайындауға қажетті комбайн, трактор, пішен жинағыш секілді техникаға кейінгі жылдары Аграрлық несие корпорациясының қаржылық көмегімен қол жеткіздік», - дейді «Әділ» шаруа қожалығының басшысы Берік Нұрмұхамбетов.

Шаруа былтыр өз қаражатына 150 бас қалмақ малын сатып алған. Ал, Аграрлық несие корпорациясынан алған қаржыға 70 бас герефорд тұқымын әкелген. Ірі қараны жеке бордақылау алаңында бағып жатыр. Етін Алматы қаласының базарларына өткізеді. Шаруашылық ауылдың 16 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Біздің жаңалықтарымызды @agrocreditkz телеграм-арнасынан да оқуға болады.  

Анықтама:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.