Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
 «Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасы қалай Аграрлық несие корпорациясының көмегімен аяғына тұрды

Бір кезде «Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасы отандық нарықты бағындырып қана қоймай, алыс-жақын мемлекеттерге құс етін экспортқа шығарады деп ешкім ойламаса керек. Оның бүгінгі иесі Фарида Жүнісова Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Мырзатай ауылдық округіндегі қаңқасы ғана қалған құс фабрикасын сатып алғанда «Қирап қалған дүниені қайтпек?» дегендер аз болған жоқ.Бірақ іскер әйел алған беті­нен қайтпады. Кәсіпорынды ая­ғына тұрғызып, жұмысын жан­дан­дыра түсті. Бизнесін өркен­детуге Аграрлық несие кор­пора­циясының жеңіл­де­тілген несие­сі­нің көмегі тиді.

Құс фабрикасы аты айтып тұрғандай, феникс құсы секілді, 2016 жылы қайта құрылды. Қаң­қасы ғана қалған ғимаратты қал­пы­на келтіріп болған соң кәсіп­орын басшысының алдында оны заманауи техникамен жаб­дық­тау мақсаты тұрды. Бұған қо­мақты қаражат қажет еді. Қаржы көзін іздей жүріп, фабрика иесі Аграрлық несие корпорациясына жүгінді.

«2018 жылы сол кездегі «Агро­экспорт» бағдарламасымен 658 млн теңге несие рәсімдеп, Нидер­ландыдан құс өсіруге қа­жетті заманауи құрал-жаб­дықтар мен ауыл шаруашы­лығы техникасын сатып алдық. Бұл бізге өндіріс қуатын арттыруға мүмкіндік берді. Жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін едік. Технологияны жаңартқалы ет өндірісі 7 мың тоннаға дейін артты», дейді «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директорының көмекшісі Ілияс Дүйсен.

Құс фабрикасының аумағы 536 гектар жерді алып жатыр. 18 құс өсіру қорасы бар. Кәсіпорында тауық етінен 37 түрлі өнім шыға­ры­лады. Жылына 3 млн-ға жуық құс сойылады. Балапандарға бидай мен жүгері беріп, салмағын екі килограмнан асырмай бағады. Халықаралық стандарт талабы солай. Директордың көмек­ші­сінің сөзіне сенсек, «Әулие-Ата Феникс» тауық етімен тек ішкі нарықты қамтып отырған жоқ. Былтыр көршілес Қырғыз Республикасы мен Ресей Федера­ция­сына экспортқа 400 тонна өнім жөнелтілген. Бұл шамамен жалпы өнімнің бес пайызға жуығын құрайды.

Мемлекеттің қолдауы арқылы ішкі нарық пен экспорт­қа өнім шығаруды жолға қойғаннан кейін серіктестіктің қаржылық жағдайы оңалып, әлеуеті арта бастады. Нәтижесінде, жұмыс­кер­лер­дің де жағдайы түзелді. Қазір құс фабрикасында 247 азамат еңбек етіп жүр. Олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Жұмыскерлер жалақыларын уақтылы алып отыр. Оларға он үшінші жалақы да қарастырылған. Орташа жалақы мөлшері – 149 мың теңге.

«Әулие-Ата Феникс» қо­жайыны енді фаб­риканы кеңей­ту үшін Аграрлық несие корпорациясынан тағы 1 млрд теңге несие алуға бекініп отыр. Жаңа ғимарат салып, шетелден құрал-жабдық сатып әкеліп, құс өсіретін қора санын 24-ке жеткізбек.

«Қаражат қолымызға тисе, техникалық базаны күшейтіп, құс еті өнімінің көлемін 12 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Аграрлық несие корпорациясы арқылы несие алудың өз артықшылықтары бар. Мәселен, екі жылға дейін несиені өтеуден босатады. Әйтсе де, біз бір жыл ғана демалыс алдық. Бұл орта бизнеспен айналысып отырған серіктестіктер үшін өте қолайлы. Өз-өзіңе келіп, ширығып алу үшін бір жыл уақыт жеткілікті. Одан кейін тоқсан сайын алты пайызбен берілген несиені уақтылы өтеп отырасың», дейді «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директорының көмекшісі Ілияс Дүйсен.

Аграрлық несие корпорациясы ел бо­йынша 19 құс фабрикасын 36 млрд теңгеге қаржыландырған. Жамбыл облысындағы филиалы соңғы жылдары өңірде құс фабрикасы секілді 6 ірі жобаға 4 млрд теңге несие берген. Қазір филиал ауыл шаруашылығы тауарларын өндіріп отырған 9 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсетіп отыр.

https://egemen.kz/article/340634-qanaty-qatayghan-qus-fabrikasy