Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
 Абай облысында жастарға микрокредит беру бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 125 өтінім қабылданды

Семей қаласында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Марлен Набиевтің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингке Абай облысы бойынша филиалдың директоры А.Садвакасов, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А. Нұрлыбек, сондай-ақ АНК-ның қарыз алушы-клиенттері қатысты.

Кездесу барысында спикерлер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Абай облысы бойынша филиалы қызметінің аралық қорытындылары туралы қарыз алушыларға егжей-тегжейлі ақпарат берді, кредиттік серіктестік құру мәселелерін, қаржыландыру шарттарын, кредиттеу бағдарламаларын, КЕЖ-дің аяқталуын, сондай-ақ «Кең Дала» бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңа шарттарын талқылады.

М. Набиев кездесуге қатысушыларға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыру шарттары мен: «Кең дала», «Агробизнес» и «Іскер» тәрізді 3 кредиттеу бағдарламасы туралы айтып берді.

2023 жылғы жастарды микроқаржыландыру бағдарламасын талқылау аясында Абай облысы бойынша 1,055 млрд теңге бөлініп, кемінде 211 микрокредит бөлудің жоспарланғандығыы атап өтілді. Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Абай облысы бойынша филиалы 535 млн теңге сомасына жастарға микрокредит беру бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 125 өтінім қабылдады.

АНК-ның 2023 жылы «ҚАҚ» АҚ есепке алынған қаржыландыруының жалпы жоспарының 500 млрд теңгені құрайтынын, оның ішінде Абай облысы бойынша -19 млрд теңгеден астам екендігін айта кету қажет.