Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
2023-2024 жылдарға арналған күздік дақылдарды сақтандыру басталады

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Агроөнеркәсіп кешені саласындағы оператор ретінде сақтандыру қызметтерін көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта күздік дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыру шарттарын жасасу бойынша өтінімдер қабылданып жатыр.

Биыл күздік дақылдар үшін топырақ ылғалы тапшылығынан сақтандыру шарттарын (3 фаза) Qalqan ақпараттық жүйесі арқылы 14-қыркүйек дейін жасасу қажет. Биылдан бастап бұл сақтандыру жүйесі Kezekte.kz. порталында жұмыс істейді. Топырақ ылғалы тапшылығынан сақтандыру кезеңі келесі күнтізбелік жылдың 15-қыркүйегінен 30-маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кету керек, күздік дақылдарды топырақ ылғалы тапшылығынан индекстік сақтандырудың 2 жылы ішінде 11 шарт бойынша 13 мың гектар жердегі дақыл сақтандырылды. Осы шарттар бойынша сақтандыру сыйақысы 62 млн. теңгеден астам соманы құрап, оның 44 млн. теңгеден астамы субсидияланды. Сақтандыру жағдайларына байланысты 14 млн. теңгеден астам төлем берілді.

Жасалатын сақтандыру шарты бойынша күздік дақылдарды топырақ ылғалы тапшылығынан сақтандыру сыйақыларының 80% мөлшеріндегі бөлігі субсиядаланып, мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Яғни фермерлердың сақтандыру шығыны төмендейді.

Бұл ретте, индекстік сақтандыру өнімі бойынша тарифтер сақтандыру құнының 4,8%-ын, ең жоғары сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының 48%-ын құрайды.