Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Агралық несие корпорациясы өкілі бизнесті қолдау форумына қатысты

Астанада шағын және орта бизнесті қолдау шаралары бойынша форум өтті. «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға кәсіпкерлер, мемлекеттік орган, қаржы, банк және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін және ауыл кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақов айтып берді. Ол компания инвестициялық жобаларды, көктемгі егіс жұмыстарын несиелеп, қаржы институттарын қаржыландыратынын, сонымен қатар аграрлық сақтандыру саласында агент қызметін атқаратынын атап өтті.

Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру жағынан корпорацияның үлесі 76 %-дан асады. Елдегі әрбір үшінші ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші біздің клиентіміз.

Бүгінде компания шаруаларға көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыратын «Кең дала» несие бағдарламасын, ауыл шаруашылығы бизнесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қаржыландыратын әмбебап «Агробизнес» несие бағдарламасын, ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беретін «Іскер» несие бағдарламасын ұсынады.

Спикер былтырдан бері компанияда «Іскер» бағдарламасы бойынша микронесие өтінішін алдын-ала мақұлдайтын платформа енгізілгенін айтты. Шаруалар мен кәсіпкерлердің филиалға келмей-ақ, өтінішті онлайн тәртіпте жіберуге мүмкіндігі бар. Платформаға жүктелген мәлімет бірнеше минут ішінде сарапталып, клиентке несие алу мүмкіндігі туралы алдын-ала шешім беріледі.

Корпорацияның биылғы жоспарында агроөнеркәсіп кешені субъектілерін жалпы сомасы 330 млрд теңгеге қаржыландыру, несие процесін автоматтандыру, бизнес-процестерді жетілдіру мақсаты бар.