Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына белсенді түрде қатысты.

Қызметкерлеріміз Е-652 көшесінің аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күннің маңызын Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы айрықша арттырды. Мемлекет басшысы да экоакцияға қосылып, ағаш отырғызды. 
Президент «Таза Қазақстан» қозғалысы екі жыл ішінде жалпыхалықтық сипат алып, «Әділетті Қазақстан» идеясының рухани өзегіне айналып келе жатқанын атап өтті. 
«Аграрлық несие корпорациясы» үшін бүгінгі акция – экологиялық жауапкершілік қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі.
Еліміз бойынша мұндай шараларға қазірдің өзінде 6 миллионнан астам адам қатысқан. Тек Астананың өзінде ауқымды тазалық жұмыстарына 100 мыңнан астам тұрғын, еңбек ұжымдары мен еріктілер шығады.
Біз туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Отанға деген сүйіспеншілік осындай қарапайым, бірақ маңызды істерден басталады.


chat-bgov

Кеңес ал!