Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауыл шаруашылығы несие корпорациясы құрғақшылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетеді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасын қолдаған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маңғыстау облысындағы мұқтаж шаруалар мен жеке қосалқы шаруашылықтарға бір күндік табысын аударды.

Жаздың басында ауа райына және тиімсіз болжамға байланысты Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ерекше күрделі жағдай қалыптасты. Бір ғана Маңғыстау облысында ресми мәлімет бойынша өлген мал саны үш мыңға жеткен. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бүгінде жағдай тұрақталып, жем-шөп дайындау, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Аграрлық несие корпорациясынан несие алған құрғақшылық пен жемшөп тапшылығынан зардап шеккен өңірлердің шаруалары келесі құжаттар пакетін ұсыну арқылы төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш бере алады:

несиені ұзарту/қайта құрылымдау туралы өтініштер;

  • Форс-мажорлық мән-жайлардың туындауын растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың жазбаша актілері немесе өзге де құжаттары. Әрбір өтініш мүмкіндігінше жылдам қаралады.
  • Бүгінгі күні 10 шаруа қожалықтары төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш білдірсе, оның алтауының өтініші бүгінге дейін мақұлданды.
Маңғыстау облысында «Кішкенеқұм» шаруа қожалығының өтініші мақұлданды, төлемдерді төлеу 2022 жылдың мамыр айына дейін тоқтатылды. Шаруа қожалығының басшысы Әбутәліп Әбішев 2012 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысып, 2019 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша АКС-тен несие алып, 800 бас ұсақ мал сатып алған. Шаруашылық асыл тұқымды ұсақ мал, жылқы өсірумен айналысады. Шаруаның айтуынша, жаздың басында қуаңшылық салдарынан 50 бас малынан айырылып, жем-шөп тапшылығы апатты жағдайда болған. «Көмек дер кезінде келді, - дейді Әбутәліп Әбішев, - жем-шөп жеткізілуде, жағдай бірте-бірте түзеліп келеді. АКК несиесі бойынша кейінге қалдырылды, бұл да жағдайымызды айтарлықтай жеңілдетеді».

Өтінімдерді қабылдау жалғасуда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ клиенттері үшін кейінге қалдыруды ұсынуға қатысты барлық сұрақтар бойынша 5115 телефоны бойынша тегін сенім телефоны жұмыс істейді.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/news/agrarnaya-kreditnaya-korporatsiya-podderjivaet-postradavshih-445535/