Бүгін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол әкімдіктің, «Ауыл», «Аманат» партияларының өкілдерімен, Қобда және Ойыл аудандарындағы тасқын судан зардап шеккен фермерлермен кездесті. Марлен Нәбиев атап өткендей, су тасқынынан зардап шеккен фермерлер қарыздарын қайта құрылымдау және төлем мерзімдерін ұзарту мүмкіндігіне ие болады.