2024 жылдың 18-19 шілдесі күндері Ақмола облысында «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрме-демонстрациясы өтеді. «Дала күні» форматындағы дәстүрлі көрме іс-шарасы 2013-жылдан бері өткізіліп келеді. Өтетін орны – Астана-Көкшетау автобаны бойындағы Ақмола облысына қарасты «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алаңы (Астанадан 90 шақырым). Көрмені ұйымдастырушы – қазақстандық EXPO TIME компаниясы. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ осы іс-шара барысында фермерлерге жеңілдетілген несие беруге бағытталған «Кең дала 2» бағдарламасы мен лизингтік бағдарламаларды ұсынды. «Кең дала 2» - бұл Аграрлық несие корпорациясының жаңа бағдарламасы. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Фермерлерді қаржыландырудың жаңа шарттары бұрын-соңды болмаған және бұл механизм ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешеді. Бірінші. Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде бекітілді. Екінші. Мемлекеттік қолдаудың жаңа маханизміне сәйкес фермерлердің «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алған қарыз сомасының 85%-н «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіретін болады. Осылайша, көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізуге қаржы қажет кезде шаруалар алатын несие сомасының 15%-на кепілдік қойса жеткілікті. Үшінші. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша кредитті Аграрлық несие корпорациясының филиалдары, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, микроқаржы ұйымдары және өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы алуға болады. Бұдан бөлек фермерлерді қосымша қолдау құралы ретінде қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізулеріне аванстық кредит беру жүйесі енгізілді.