Аграрлық несие корпорациясында шахматтан турнирде жүлделі орынға ие болған қызметкер Ренат Медібаевты құттықтады. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында шахматтан дәстүрлі турнир өткізді. Турнирге 21 адам қатысты. Бас төрешілікке халықаралық гроссмейстер Петр Костенко шақырылды. «Отбасы Банк» АҚ қызметкері Ерқанат Мұсабаев турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілі Ренат Медібаев қол жеткізсе, үшінші орын «Отбасы Банк» АҚ-ның тағы бір қызметкері Бекжан Жақыпбековке бұйырды.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады