Ауыл азаматтары «Іскер» бағдарламасымен өз ісін аша алады. Солтүстік Қазақстан облысының Приишимка ауылында тұратын Анастасия Шульц осы мүмкіндікті пайдаланып, қой шаруашылығын жүргізіп отыр. Шульц отбасы көп жыл қалада тұрған. Анастасия сауда-саттықта, жолдасы сот жүйесінде еңбек еткен. Кейін үй-ішімен ауылға көшіп, малмен айналыса бастады. Былтыр қарашада Агралық несие корпорациясынан жеңілдетілген несие рәсімдеп, 3 миллион теңгеге 60 бас асыл тұқымды еділбай қойын сатып алды. «Несиені 5 жылға алдық. Тиімді тұсы сол - қарызды бір жылдан кейін қайтара бастаймыз. Яғни, малды көбейтіп алатындай мүмкіндік бар. Қазір қойымыз төлдеп жатыр», - дейді жеке кәсіпкер Анастасия Шульц. «Іскер» несие бағдарламасы Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Несие жеңілдікпен жеті жылға дейін беріледі. Жылдық сыйақы үстемесі 6%, ал тиімді сыйақы үстемесі 6%-дан жоғары. Кәсібін ашқысы келетіндерге 7,5 миллион теңгеге дейін, ал зәкірлік кооперация қатысушыларына - 24 миллион теңгеге дейін қаржы беріледі. 2022 жылы «Іскер» бағдарламасы бойынша елімізде ауыл тұрғындарына бизнес ашуға 20 млрд теңгеден астам қаржы берілді. Несиелеу шарттары, аграрлық сақтандыру, АӨК және кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың басқа да шаралары туралы @AgrocreditKZ телеграм арнамызда оқыңыздар. Фото rpo-kaz.kzсайтынан алынды
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады