Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Алма бағын кеңейткен бағбан
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Содан болар, Алматы облысында мал өсірумен қатар, жеміс пен көкөніс егіп, бау-бақша салғандар аз емес. Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында алма өсірген «Apple Bee» ЖШС-ның бұған дейін де 34 га бағы бар еді. Табысты агробизнес екеніне көзі жеткен кәсіп иесі бақ аумағын кеңейтуді көздеп, Аграрлық несие корпорациясынан биыл несие рәсімдеген. 

«Биыл корпорациядан бірінші рет жеңілдетілген несие алдық. Тиімді екен, жұмыс істеуге болады. 44 га жерге голден делишес, фуджи, гала сортының 170 мыңдай итальяндық көшетін ектік. Бақты тамшылатып суару, шпалерлік жүйе, күн сәулесі мен бұршақтан қорғайтын тор тәрізді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз еттік. Еуропалық технологияға негізделген бақтағы микроклимат алманың өсіп-өнуіне өте қолайлы», - дейді серіктестік басшысы Олжас Сыбанбаев.

Әзірге, жаңа интенсивті алма бақ өнім бермейді. Әлі 4-5 жыл керек. Бақ толық қуатына шыққанда 50 мың тонна алма алмақ. Бірақ бұрынғы алма бағында қазір терім науқаны қызып тұр. Бағбанда қазір көкөніс сақтайтын қойма жоқ, уақытша біреудің қоймасын жалдайды. Күзде жиған-терген барлық алманы қыс бойы ішкі нарық пен шетелге саудалайды. Болашақта жаңа интенсивті бақ жеміс салғанда өзінің жеке көкөніс қоймасын салуды жоспарға енгізген.