Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Алмат Әшірбеков  «Zheif-2023» инвестициялық форумына қатысып жатыр

Жамбыл облысында 26-27 сәуір күндері «Zhambyl Investment and Economic Forum – 2023» инвестициялық форумы өтіп жатыр. Оған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев, «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев қатысты.

Инвестициялық форум инвестициялық, іскер орта қалыптастыру, инвестициялық байланыстарды орнату, туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы секілді экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.

Форум жұмысы барысында оның қатысушылары ауыл шаруашылығы саласындағы серпінді жобалар, соның ішінде Аграрлық несие корпорациясынан 2,3 млрд теңге көлемінде қаржылық қолдау алған «GreenwiII» ЖШС-нің гидропоника және аквопоника жылыжайымен танысты.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы иелігінде құны 1 трлн теңгеден астам активі және құрылымында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы еншілес ұйымы бар агроөнеркәсіп саласындағы негізгі қаржы институттарының бірі. 14 жыл ішінде Аграрлық несие корпорациясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын есепке алғанда Жамбыл облысында 22,2 млрд теңгенің 63 инвестициялық жобасын қаржыландырған. Оның 38%-ы – қарқынды бақ өсіру, 14%-ы – репродуктор, 11%-ы – өнім өңдеу, 10%-ы – көкөніс сақтау қоймасы, 10%-ы – құс фабрикасы, 17 %-ы – басқа бағыттар.

Аграрлық несие корпорациясының 2023 жылғы қаржылық жоспары – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын қоса есептегенде 500 млрд теңге, соның 21,0 млрд теңгесі Жамбыл облысына бағытталмақ.

Қазіргі уақытта Аграрлық несие корпорациясы Жамбыл облысында жалпы құны 11 млрд теңге болатын 2 ірі инвест-жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр. Олар: Тараздағы құны 5,0 млрд теңгенің қант зауыты және жалпы құны 1,0 млрд теңгенің құс фабрикасы.