Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қанаты қатайған құс фабрикасы

«Шымкент құс» - өндірістен өнімді қайта өңдеуге дейінгі толық технологиялық циклі бар іргелі фабрика. Төле би ауданы, Киелітас ауылында тауық еті өндірсе, Шымкент қаласында тағамдық жұмыртқа шығарады. Екі бағытты қосқанда бірнеше мың тауыққа арналған 30 құсхана бар. Қазір соның 10-ы жұмыс істеп тұр.

«Біздегі құстарға айына 1000 тонна жем керек. Бидай алу үшін 2021 жылы желтоқсан айында Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 200 млн теңге несие алдық. Қарыздан толық құтылдық, қажет болса алдағы уақытта тағы да аламыз», - дейді кәсіпорынның экономист-есепшісі Хурмат Хайтметов. 

Құс азығы байытылған бірнеше элементтен тұратыны белгілі. Бұл үшін өндіріс аумағында құрама-жем зауыты да бар. Жалпы, өнімнің азықтық, дәмдік және тауарлық сапасы негізінен жемге байланысты болғандықтан, мамандар оны қатаң қадағалайды. Технологиялық желісін үнемі жаңартатын фабриканың өнімі әркез жоғары сұранысқа ие.

Cурет: www.janalyq.kz