Аграрлық несие корпорациясы" АҚ тәуелсіз аудиторлық KPMG компаниясына өзінің корпоративтік басқару жүйесін бағалатты. 2022 жылы жүргізілген диагностика нәтижесі бойынша корпоративтік басқару жүйесін жақсарту жөнінен ұсыныс-есеп дайындалды. KPMG компаниясы пікірі бойынша Қоғамның басқару жүйесі басқарудың жетекші тәжірибелерінің ұсыныстарына сәйкес келетінін және Қазақстан Республикасының компанияларымен салыстырғанда орташадан жоғары сәйкестік деңгейіне нақты айтқанда 87% (орташа көрсеткіш 75% болғанда) ие екенін растады. Берілген ұсыныстар негізінде Директорлар кеңесі Қоғамның корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша 2023-2024 жылдарға арналған түзету және/немесе алдын алудың іс-қимыл жоспарын бекітті.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады