Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астанада Қазақстанның ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

Астанада Қазақстанның ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар ауыл тұрғындары халықаралық ұйымдардың, даму институттарының өкілдерімен және әлеуетті инвесторлармен кездесетін алаң құруды көздеп отыр.
Форум соңында ауыл үшін ең үздік әлеуметтік маңызы бар жобалардың 10 авторы марапатталады. Жүлде қоры 4 мың долларды құрайды. Іскер әйелдер бұл қаражатты өз бизнесін жүзеге асыру үшін пайдалана алады. 
«ҚазАгро» холдингі мен оның еншілес компаниялары екі күн бойы форумға қатысушыларға кеңес береді.