Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астығы бұзылмайтын болды

Қазақстанда биыл 21,8 миллион тонна астық жиналды. Бұл соңғы он жылдағы рекордты көлем. Бітік шыққан егінді дер кезінде тазалап, кептіріп, сапасы бұзылмайтындай етіп сақтау керек. Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Звездный ауылында егін шаруашылығымен айналысатын шаруа Нұрлан Көпжанов үшін ол проблема емес. Кәсіпкер Аграрлық несие корпорациясының көмегімен астықты тазалап, кептіретін қымбат қондырғы сатып алды.  

 «Көпжанов» шаруа қожалығы 15 жылдан бері арпа,бидай егеді. Биыл көктемде 3 мың гектар алқапқа дәнді дақыл салған. Күзде мол өнім жинады. Астықты тазалап, кептіруде қиындық жоқ. Себебі, шаруашылықтың жеке конвейерлі астық кептіргіші мен тазалау кешені бар. Кәсіпкер қажетті жабдықтарды былтыр күзде «Агробизнес» бағдарламасымен 76 миллион теңгеге сатып әкеліп, іске қосқан. Оны Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырды.

 «Агробизнес» бағдарламасы ірі және шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге құрал-жабдық сатып алуға, нысандарды жаңғыртуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және айналым қаражатын толықтыруға несие беруді көздейді. Биыл осы бағдарлама бойынша Қарағанды облысында 5,3 млрд теңге жаратылды.