Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауылдағы алғашқы фермерлік жылыжай

Қазақстан халқы маусымаралық кезеңде 175 мың тонна қияр мен қызанақ тұтынады, бірақ соның 60-65% ғана отандық өнім. Демек, бұл сала әлі толық игерілмеген. Батыс Қазақстандағы «Теректі өнімдері» серіктестігінің басшысы Нариман Көпешов мұны жақсы біледі. Сол себепті 15 жылдай банкте жұмыс істеген қаржыгер жеке кәсіп ашуға бел буған. 

2018 жылы Теректі ауданының Әйтиев ауылында 9 сотықтан 2 фермерлік жылыжай салыпты. Табысты агробизнесті тапқасын екі жыл қатарынан – 2019-2020 жылы Аграрлық несие корпорациясынан жеңілдетілген несие рәсімдепті.

«Қаржыгер болғасын есеп-қисапқа жақынмын. 5-6 жылдан бері саланы зерттеп, елімізбен қатар, Ресей мен Өзбекстанның жылыжайын көрдім. Несиені «Агробизнес» бағдарламасы арқылы алдым. 1 жыл жеңілдік мерзімі бар. Қазір 50 сотықтан 5 жылыжайым бар. Голландық сұрыпты корнишон типті қияр егемін. Бұған дейін қызанақ, салат, айсберг, руккола т.б. дақылдар егіп көрдік. Ақыры, Оралдың климатына төзімді әрі сұранысқа ие – қиярға тоқталдық. Жылына екі рет өнім аламыз, әр маусымда шамамен 50-60 тонна өнім теріледі», - дейді бағбан.

Қияр арнайы субстратқа емес, кәдімгі қара топыраққа егіледі. Содан болар, көкөніс ашық грунтта өскендей дәмді әрі иісі де мұрын жарады. Сатудан қиындық жоқ, 4 жылдан бері тұрақты клиент қалыптасқан. 5 қабатты үлдірмен қапталған жылыжай газбен жылиды, тамшылатып суарылады. Қыста бұл аймақта күн көзі аз, кәсіп иесі жылыжайға күн нұрын алмастыратын фитошам қойған екен. Айтпақшы, бұл Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылындағы алғашқы әрі жалғыз фермерлік жылыжай.

Сурет: zhaikpress.kz 

#АКК # Агрокредит # теплица