Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Айдын Досқараев Несие серіктестіктері одағымен көшпелі кеңес өткізді

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Павлодар облысында Несие серіктестіктері одағымен көшпелі кеңес өткізіп, бірқатар серіктестік басшыларымен кездесті. Онда 2024 жылдың қорытындыларын, биылғы жылға арналған жоспарларды, несие серіктестіктер институтын одан әрі дамыту жолдарын және басқа да мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, кеңесте фермерлердің ұсыныстарын тыңдады.

Жұмыс сапары аясында Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараевтың жұма күні «Әжболат» несие серіктестігінің мүшелерімен кездесуі және «Галицкое» ЖШС-нің жұмысымен танысуы жоспарланған. 

Айта кету керек, Павлодар облысы Несие серіктестіктері жүйесі арқылы Аграрлық несие корпорациясы тарапынан қаржыландыру көлемі бойынша ірі аймақтардың бірі.


chat-bgov

Кеңес ал!