Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Павлодар облысында тауарлы сүт фермасы ашылды

Павлодар облысында Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен «Agro Trade PV» ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылды.

Бизнес-жоба Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша қаржыландырылған. 5 млрд теңге көлеміндегі несиеге павлодарлық шаруа 1 мың 200 бас малға шақталған ферма салып алды. Құрал-жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасына да қаражат жетті.

Ферма Ольгинка ауылы маңынан 8 айдың ішінде бой көтерді. Даниядан голштино-фриз тұқымды 500 шақты сиыр әкелінді. Қазір шетелдік мал карантинде жатыр, олар жергілікті ауа-райына бейімделуі керек. Тағы 700 бас малды келер жылдың көктемінде жеткізу жоспарланып отыр.

        «Күзде ферма толық қуатында жұмыс істей бастайды. Бір сиырдан күніне орташа есеппен 25 литр сүт аламыз деген болжам бар», - дейді «Agro Trade PV» ЖШС директорының мал шаруашылығын дамыту жөніндегі орынбасары Арман Нұржанов.

Мал азығы ферма жанынан дайындалатын болады. 1630 гектар аумаққа суару жүйесін орнату үшін серіктестік Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеген.

       «Аграрлық несие корпорациясы аграрлық саланы дамытуды көздейтін ірі қаржы институты. Мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде тауарлы-сүт фермаларын құру – Корпорацияның басым бағытының бірі. Павлодар облысындағы шаруаларды қаржыландыру үшін биыл 12,8 млрд теңге бөлінді», - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Павлодар филиалының директоры Ардақ Таңжарық.

Аграрлық несие корпорациясы еліміздегі 59 тауарлы-сүт фермасының ашылуына атсалысты. Қаржы ұйымы құрылғалы бері шаруа қожалықтарын 2,5 триллион теңгеге қаржыландырған. Осы жылы Агралық несие корпорациясы отандық шаруаларды қолдауға 350 млрд теңге бағыттамақ.