«Аттап бассаң дүкен, табысы қандай, қазір ашуға бола ма?». Бұл қазір кәсіп ашуды көздеген кез-келген жанды мазалайтыны анық. Тәуекел еткенге ешқашан кеш емес! Тараз тұрғыны Нұрғали Көшімбеков осындай ұстанымда. «Рамазан» ЖК ашып, көлік жүргізіп, жүк тасымалдаған ол 2018 жылы жиған-терген қаржысына жол бойында бос тұрған ғимаратты 7 сотық жерімен бірге сатып алған. Алайда азық-түлік дүкенін ашуға қаржысы болмай ғимарат 3 жыл қаңырап бос тұрған екен. «7 ұлым бар, көпбалалы отбасымыз. 2021 жылы Аграрлық несие корпорациясы осындай санатты отбасыларға 4% мөлшерлемемен несие береді деп естідім. Басында сенбей, күмәнмен барып, қуанып қайттым. Қаладағы пәтерімді кепілге қойып, жеңілдетілген несие рәсімдедім. Өте тиімді екен, 6 ай негізгі қарызды ғана төледім. Банктен мұндай сома ала алмас едім, маған сенім артқан корпорацияға алғыс айтамын», - дейді жеке кәсіпкер. Кәсіп иесі қаржыға тауарлар мен дүкенге қажетті құрал-жабдықтар алған. Несиенің тиімді жылдық сыйақы үстемесі - 4 % басталады. Оны кәсіпкер бір жылға жеткізбей мерзімінен бұрын өтепті. Қазір өзі жүк тасымалдайды. Дүкенді інісі жүргізіп отыр. Талай жыл тауар тасып, идеясын жүзеге асырған көпбалалы әке ісінің алға басқанын айтады. 120 шаршы метрлік дүкенін супермаркетке айналдыруға кіріскен. 500 шаршы метрлік нысанның құрылысын бастапты. Ал айналымға қажет қаржыны тағы Аграрлық несие корпорациясынан алмақ. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады