Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Еті базарға, сүті зауытқа

Қазақстанда 2021 жылы 6,2 млн тонна сүт сауылған. Бірақ соның 1 млн тоннасы ғана өндіріске жарамды тауарлық сүт. Сол жарамды сүттің 22%-ын арнайы мамандандырылған ірі фермалар өндіреді. Яғни, отандық сүт зауыттарына қажетті сапалы сүт өндіру – сәтті жоба! Дәл осы сегментті Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылындағы «Көк жайлау» шаруа қожалығы тап басып таныды. Бұрын қой өсірген агрокәсіпкер Бақтияр Баратов енді заман ағымына қарай сүт өндіру үшін Аграрлық несие корпорациясына жүгініпті.

«2018 жылы жеңілдетілген несие рәсімдеп, Чехиядан симменталь тұқымды 60 бас құнажынды  көлікпен әкелдік. 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 100 бас сиырға арналған шағын тауарлы-сүт фермасын аштық. 2020 жылы фермаға қажетті құрал-жабдық, трактор және 30 бас симменталь құнажынын Германиядан әкелу үшін тағы несие алдық. Аграрлық несие корпорациясы болмағанда мұндай жетістікке жете алмас едік, несие тиімді, жеңілдетілген кезеңі де бар», - дейді фермер.

Қазір фермадағы ірі қара саны 300-ге жуық, соның 100 басы сауын сиыр. Күніне 700 литрдей сүт сауылып, маңайдағы сүт зауыттарына өткізіледі. Бұл етті-сүтті бағыттағы сиыр болғасын еркек төлдің еті базарға саудаланады. Сиырды 9 ай саууға мүмкіндік болса да, фермер малдың күйін түсірмеу үшін жылына 6 ай ғана сүт өндіреді. Алдағы уақытта өздерінің сүтін қайта өңдеп, түрлі сүт өнімдерін шығаруды көздеп отыр. Айтпақшы, бұл симменталь тұқымды ірі қара әкеліп, сиыр сүтін өнеркәсіптік негізде өндіруге кіріскен Байзақ ауданындағы әзірге жалғыз ферма.

Сурет: avesta-news.kz