Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қазақстанда алғаш рет несие серіктестігіне «ААА» рейтингі берілді

Ағымдық жылғы 4 наурызда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Уәкілетті органы елімізде алғаш рет «Целиноградское» Несие серіктестігіне «ААА» рейтингін берді.

«ААА» ең жоғары рейтингі мерзімнен шыққан сыртқы және ішкі міндеттемелері болмағанда, жеке капиталының жылдық өсімі 7%-дан кем болмағанда және соңғы 3 жылда қарыз портфелі 5%-дан кем болмағанда беріледі.

«ААА» рейтингі ақырғы займ алушыларды өз бетінше қаржыландыру және несие желісінің мөлшерімен ғана шектелген несиеден кейінгі қызмет көрсету, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесін 1 пайызға төмендету, жылжымайтын мүлік түрінде кепілдікті қамтамасыз ету бойынша өтімділік коэффициентін 0,1-ге арттыру құқығын береді.

Сертификатты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы «Целиноградское» НС қатысушыларының жиналасында табыстады. Нармұхан Сарыбаев Несие серіктестігі қаржы институты ретінде ауылда бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда өзінің жұмыс қабілеттілігін талай рет дәлелдегенін атап өтті. Сондай-ақ іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Малғаджар Таткеев қатысты. Ол НС басшылығына және ұжымына ауданды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

«Целиноградское» Несие серіктестігі 2004 жылдан бері әрекет етеді және бүгінгі күні НС-нде 59 қатысушы бар. Несиелеу лимиті 6,5 млрд. астам теңгені құрайды.  

Бүгінгі күні Қазақстанда 202 несие серіктестігі құрылды, солардың ішінде «АА» рейтингімен 5 НС, «А» рейтингімен 16 НС, «В» рейтингімен 19 несие серіктестігі бар. АӨК несие серіктестіктері қатысушыларының саны 20 мыңнан асады.

НС жүйесі арқылы 2001 жылдан 2018 жылға дейінгі мерзімде берілген займдардың сомасы мен саны сәйкесінше 329 млрд. теңгені және 48 мыңды құрады. Бұл жылдарда көп фермер НС қызметтерін пайдалумен қатар, займдардың сомасы да артып жатыр. 2001 жылы займның орташа сомасы 5 миллион теңгені құраса, 2018 жылы 12,8 миллион теңгені құрайды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

Моб: +77073708847

тел: (7172) 55 99 16