Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында аумағы 1 гектардан асатын жылыжай пайда болады.

«Шындәулетов» шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясынан алған қарыз қаражатқа жылыжай жабдықтарын сатып алды. Жобаның жалпы құны 270 миллион теңгеден асады. Жаңа жылыжай Қазақстан (ОҚО, Алматы облысы, Астана қаласы), Ресей және ТМД елдерінің нарықтарына жыл сайын 300 тоннадан астам қияр мен 219 тонна қызанақ жеткізуді жоспарлап отыр. 25 жұмыс орны ашылады. Готикалық жылыжайға арналған жабдықтар Германия мен Голландиядан келіп, орнатуға дайындалуда.

Көкөніс өнімдерінің негізгі нарықтары республиканың ірі қалалары (Астана және Алматы) болып табылады. Қазақстан астанасының жеміс-жидек пен көкөністің негізгі түрлеріне күнделікті қажеттілігі 320 тоннадан асады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сараптамалық зерттеулері мен көрсеткіштері бойынша жалпы тұтынудың 30%-ға жуығын жазғы маусымда өз учаскелерінде өсірілетін көкөністер құрайды. Қалған 70 пайызы, яғни 4620 тоннаға жуық, сатып алынған қияр. Қызанақ үшін әлеуетті тұтыну нарығы 15 000 тоннаны құрайды. Оның 20%-ға жуығын жеке бақша учаскелері қанағаттандырады. Нәтижесінде көтерме сауда нарығында шамамен 12 мың тонна қызанақ болуы керек.

Айта кету керек, 2016 жылы «Шындаулетов» ЖК «Құлан» бағдарламасы бойынша 90 млн теңгеге 300 бас аналық жылқы мен 30 бас аналық айғыр сатып алған. Енді шаруа қожалығының басшысы Нұрлыбай Шериұлы Шындәулетов жылыжай кәсібін меңгеруді көздеп отыр.

Өткен жылы Корпорация «Агроэкспорт» бағдарламасы аясында 6 жылыжай кешенін қаржыландыруға бекітті.