Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Әкеден мирас болған шаруашылық

«Әке көрген оқ жонар» деген. Қазақтың бұл мақалы бүгінгі әңгімеге арқау болатын кәріс ұлтына қарата айтылғандай. Атырау облысының Таңдай ауылында тұратын Андрей Кан бала кезінен жер тырмалап жеміс жеген әкесінің қасында жүріпті. Есейгенше көкөніс өсірудің қыр-сырын меңгерген. Ауыл шаруашылығы оңай емес қой, шаң-тозаң, аптап ыстық, дала кезу. Содан болар, мұны тастап, нәпақасын басқа саладан іздеген екен. Бірақ бәрібір бір бүйрегі көкөніс өсіруге бұрған. 

«Әкем кезінде Аграрлық несие корпорациясынан несие алып істі жүргізген. Кәсіпті жалғастыруға бел буып, 2021 жылы корпорацияға қайтадан жүгіндім. Екі траншты несиеге тамшылатып суару жүйесін құрып, минералды тыңайтқыш пен химикат алдым. 105 гектар жерге сәбіз, қырыққабат, пияз және қызылшаның голландық сорттарын егеміз. Әкемнің кәсібін жалғастырып жатқаныма өкінбеймін», - дейді ол.

Махамбет ауданындағы бұл қожалық барлық өнімін күз кезінде қалаға апарып сатады. Клиенттер кейде егістік басынан әкетеді. Енді мақсат – қыс бойы сақтап, тиімді бағамен сату үшін қойма салу.  Әрі өзінің сенімді инвестициялық әріптесінен несие алып, алқаптың көлемін 150 гектарға дейін көбейту ойда. Бұған мұнда барлық мүмкіндік жеткілікті. Лизингпен алынған агротехникалар, жалға алған жерлер мен 41 жұмысшы бар. Ең бастысы, диқан өзінің мол тәжірибесі мен терең біліміне сеніп отыр.