Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жылқыны бекерге таңдамадым...

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылының тұрғыны Рысбек Оразов бірнеше жыл қатарынан жеке кәсіппен айналысқан. Бірақ соңғы жылдары ауыл шаруашылығына ден қойды. Асыл тұқымды абердин-ангус тұқымды ірі қара мен қой өсірген фермер 2020 жылы «Agro Village BK» компаниясын ашып кәсібін жаңа бағытқа бұрыпты. Бұған Аграрлық несие корпорациясы көмектескен.

«Аграрлық несие корпорациясының көмегімен биыл 250 бас байтал мен 17 айғыр сатып алдым. Бұрын-соңды мұндай несие алмаған едім. Бірінші рет алдым. Тиімді екен, пайызы төмен. Әрине, малға дұрыстап қарасаң пайдасы бар. Қазір биелерім құлындап жатыр. Биыл сол 200 басы туып берсе, мақсатымызға жеткен болар едік», - дейді «Agro Village BK» ЖШС директоры Рысбек Оразов. 

Кәсіпкердің жылқы малын таңдауы тегін емес. Басқа түлік сияқты емес, жылқыны бағу жеңіл. Сол себепті мал басын көбейтуді мақсат еткен. Бұған шаруашылықта барлық мүмкіндік бар. Техника да, дәнді және мал азықтық дақылдар егетін жері де жеткілікті. «Агробизнес» бағдарламасымен алынған түлікпен қатар, өзінің малы бар, жалпы саны 400-ден асатын жылқы жайлауда бағылып жатыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.