Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мал бордақылау алаңы 7 есеге ұлғайды

Қостанай облысында Аграрлық несие корпорациясының инвестициялық жобалары сәтімен жүзеге асуда. Соның бірі мал бордақылау алаңдарын дамыту. «Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі корпорациядан екі рет жеңілдетілген несие алып, мал бордақылау алаңын 7 есеге ұлғайтқан. Кәсіпорын соңғы бір жарым жылда 2,5 мың тоннадан астам ет экспорттады. Сондай-ақ түрлі салықтық төлемдер төлеп, ауданның экономикалық-әлеуметтік саласына айтулы үлес қосып жатыр.

«Терра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – бір мезетте 22 мың бас ірі қараны бордақылайтын санаулы алаңның бірі. Кәсіпорын осыдан 11 жыл бұрын ашылғанда 3 мың басқа шақталған екен. Мал бордақылау алаңын 2016 жылы – 12 мың басқа, 2018 жылы 20 мыңға үлғайту үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ынан екі рет қаржы алған. Бұған қоса, ірі қара мен оның жем-шөбін сатып алуға несие рәсімдеген. Компанияға жалпы құны 2,7 млрд теңге инвестиция салынды.

"Қаржы жеңілдетілген несие арқылы берілді. Үстемақысы субсидияланып, бізге 6 пайызбен есептелді. Бордақылау алаңын кеңейтуге Аграрлық несие корпорациясының қосқан үлесі зор. Жоба құнының 70 пайызын қаржыландырды. Ауыл шаруашылық саласын осы Корпорация арқылы қаржыландырған тиімді. Несие 10 жылдан астам уақытқа беріледі, әрі төлем жасау кестесті ыңғайлы", - дейді  «Терра» ЖШС директоры Марат Өтелбаев

Кәсіпорын ет экспорттауға қажеттінің бәрін өздері жүзеге асырады. Асыл-тұқымды малға шөп өсіріп, жем әзірлейді. 120 басқа арналған қасапхана мен ет өндіру цехы да бар. Мал бордақылау алаңдарын инвестициялау - Аграрлық несие корпорациясы қызметінің басым бағыттарының бірі. Бүгінде еліміз бойынша 35 млрд теңгеге 39 бордақылау алаңы қаржыландырылды. Оның бесеуі Қостанай облысында орналасқан.


"Мал бордақылау алаңына инвестиция алу үшін кәсіпкер инвестициялық жоба құнының кемінде 15%-ын өз қалтасынан қаржыландыруы қажет. Сонымен қатар инвестиция суммасының 70 пайызына дейін өтімді кепілді қамтамасыз етулері керек", - дейді «Аграрлық несие копрорациясы» АҚ Қостанай филиалы мониторинг бөлімінің басшысы Дулат Мұхамеджанов

Бордақылау алаңына алынатын малдың салмағы 200 келіден кем болмауы тиіс. Аграрлық корпорациясымен қаржыландыру арқылы «Терра» серіктестігі кәсіпорынның өнім өндіру көлемін 7 есеге ұлғайтты. Соңғы бір жарым жылда кеден одағы елдеріне 9 мың бас ірі қара экспорттаған. Елдің экспорттық потенциалын көтерумен қоса, ауданның экономикалық- әлеуметтік дамуына да тың серпін берді. 130 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, жыл сайын жергілікті бюджетке 350 млн теңге әртүрлі төлемдер жасайды.