Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Moody's және Fitch ірі халықаралық агенттіктері Аграрлық несие корпорациясының (АНК) несиелік рейтингін көтерді

Moody ' s Investors Service рейтингтік агенттігі 16-қыркүйекте Аграрлық несие корпорациясының халықаралық кредиттік рейтингін "тұрақты" болжаммен

Ваа3-тен  Ваа2-ге дейін көтерді (2023 жылы рейтинг Ва1-ден Ваа3-ке "оң"болжамымен көтерілді).

Берілген рейтинг Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп секторын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатта маңызды рөл атқаратынын және мемлекет тарапынан, сондай-ақ оның борыштық және дивидендтік саясатының құрылымын айқындайтын "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Жалғыз акционері тарапынан қолдауға ие екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, 17-қыркүйекте Fitch Ratings «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның "тұрақты" болжамымен "BBB -"-тан "BBB" - ге дейінгі Халықаралық кредиттік рейтингін арттырды. Көтеру Fitch-тің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қол жетімді несие берудегі рөлінің артуына байланысты Корпорацияның мемлекетпен өзара іс-қимылының артқанын көрсетеді. Осылайша, Корпорацияның кредиттік рейтингінің 2 халықаралық агенттіктен бірден оң өзгеріс көрсетуі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі негізгі оператор ретінде Аграрлық несие корпорациясының сенімділігі артқанын айғақтайды.

«Аграрлық несие корпорациясы жыл сайын жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің бағалауынан өтеді. Бұл еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін отандық инвесторлар мен халықаралық қаржы институттары тарапынан инвестиция тартудың имиджін арттыру және ауқымын кеңейту бойынша жүйелі шаралар ретінде қажет», - деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Рейтингтердің жақсаруына әсер еткен оң өзгерістер фермерлерге несие беру шарттарын өзгертуге де мүмкіндік жасады. Көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге несие қаражатын беру мерзімі ұлғайды.

Егер бұрын несиелер қысқа мерзімге берілсе және оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қаржыландыру орта мерзімді болып өзгерді (қазіргі уақытта қарыздың 50%-ын өтеу 1-желтоқсанға дейін, қалған 50%-ын 1-наурызға дейін қайтаруға болады), бұл фермерлерге астықтарын неғұрлым тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Биыл «Кең дала 2» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде бекітілді. «Даму» Қоры қарыз сомасының 85%-ын кепілдендіреді.

Сонымен қатар, фермерлерге ыңғайлы болу үшін бірқатар қызметтер әзірленді. Соның ішіндегі мобильді қосымшаның арқасында Аграрлық несие корпорациясының клиенттеріне жедел қызмет көрсетілетін болды.