Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қайсы тиімді: ет әлде сүт?

Еңбекқор, елгезек, малсақ болып өскен Әділбек Ақсали 2007 жылы Қытайдан Қазақстанға көшіп келген. Ел-жұртқа бүкіл ағайын-туысымен қоныс аударғанда бірден Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қаражар ауылын таңдапты. Атажұртта да көп ойланбай, атакәсіпті серік қылған. Алайда қазіргідей дағдарыс заманында бірлі-жарым емес, мыңғыртып мал ұстаған ұтады ғой. Ақмолалық шаруа ойлана келе Аграрлық несие корпорациясының көмегімен мал басын көбейтуге кіріскен.

«Аграрлық несие корпорациясынан 2019 жылы өмірімде бірінші рет 4 млн теңге несие алдым. Бұл қаржыға 10 бас етті бағыттағы ақбас және 4 бас сүтті-етті бағыттағы симменталь сиырын сатып алдым. Қазір бізде 20 симменталь тұқымды сауын сиыр бар, күніне 60-70 литр сүт сауамыз. Сүтті арнайы көлік үйден алып кетеді. Негізі жазда сүт өндірген, ал қыста ет өндірген тиімді», - дейді жеке кәсіпкер Әділбек Ақсали. 

Малдың тілін тапқан фермер ақбас тұқымды еркек бұқаларды күзде бірден сатпайды. Әуелі өзінің мал бордақылау алаңында асықпай жемдеп, әбден семіргенде сояды. Сол кезде пайдасы да мол. Айтпақшы, несие алмас бұрын шаруа 100 ірі қараға арнап қора соққан еді. Қазір соның жартысы малға толды. Енді қалғанын толтыру үшін биыл күзде тағы да Аграрлық несие корпорациясының тиімді несиесіне жүгінбек.