Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«ҚазАгро» холдингінің басшысы тағайындалды

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Құрманов Рүстем Жомартұлын таныстырды.

Құрманов Рүстем Жомартұлы – 1981 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимск ауылының тумасы, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

  • 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық сараптау бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы;
  • 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық саясат департаменті басқарма басшысы, директоры;
  • 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;
  • 2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП басқарушы директор;
  • 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметтерін атқарды.


chat-bgov

Кеңес ал!