Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қой тұқымын жаңартқан фермер

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында тұратын Нұрлан Пернебеков агробизнеске әбден ойланып, толғанып барып келген. Мамандығы құрылысшы ол кіндік қаны тамған Шалдар ауылында «Оралбек ата» шаруа қожалығын ашып, бірнеше жыл қой өсірген. Алайда тұқымы жаңармаған қой одан сайын ұсақталып кеткен. Бірлі-жарым мал тұқымын ауыстырған тиімсіз, сол себепті фермер былтыр Аграрлық несие корпорациясына жүгінген екен.

«Агробизнес» бағдарламасы бойынша рәсімделген несиеге 300 бас саулық алдым. Қошқардың тұқымы гиссар. Былтыр қойларым алғаш рет қоздады. Биыл екінші рет төлдейді, негізі қойлар қыста туады. Қыста малға жем-шөп бергесін қозысы тез өсіп-жетіледі, ірі болады. Корпорациядан несиені бірінші рет алдым, тиімді екен, 2 жыл каникулы бар. Малдың қысқы азығын өзіміз дайындаймыз, шабындық жеріміз бар, - дейді фермер.

Қазір былтырғы 300 бас қой 500-ге жақындады. Кәсіпкердің ендігі ойы – қой санын мыңға жеткізу. Сол кезде ғана нарыққа қой етін шығармақ. Бұл үшін алдыңғы қарызды мерзімінен бұрын жауып, тағы да жеңілдетілген несие алуды жоспарлаған. Бұған қоса, сиыр мен жылқыны да көбейтуге бел буған. Міне, осылайша мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланған шаруа төрт түлікті түгел өргізуге шындап кірісіп отыр.

Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы арқылы төмен пайыздық мөлшерлемемен несиені 12 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Несиенің минималды сомасы – 1 миллион теңгеден басталады. Компанияның өзге де бағдарламалары agrocredit.kz сайтында жазылған. Толық ақпаратты облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдан ала аласыздар. Филиалдар сайтта көрсетілген.