Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Бес жүзден астам алматылық шаруа Аграрлық несие корпорациясынан қаржы алды

Алматы қаласы мен Алматы облысының 522 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі биыл бизнесті дамыту үшін Аграрлық несие корпорациясынан жеңіл несие алды. Қаржыландырудың жалпы сомасы - 11 миллиард теңге. Бұл туралы Алматыда өткен "Туған жерге тағзым" өңірлік форумы кезінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев айтты.

Өңірдің бизнес өкілдері мен инвесторлары бас қосқан форумда тауар өндірісі, туризм, фармацевтика, энергетика, девелопмент, агробизнес және ақпараттық технологиялар саласында іске асырылатын жобалар таныстырылды.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев, Ұлттық экономика вице-министрі И.Өсеров, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Еркінбаев, "Бәйтерек" Холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Н. Айдапкелов және 200-ден астам іскер топ өкілі қатысты.

Аграрлық несие корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары М.Нәбиев форум қатысушыларына компанияның негізгі бағыттары мен алдағы жылға арналған жоспарын таныстыра отырып, өңірде қаржы ұйымының қолдауымен құны 124,5 млрд теңге болатын 87 инвестициялық жоба іске асырылғанын атап өтті. Жобалардың жалпы құнының 91,7 млрд теңгесін корпорация қаржыландырды. Бұл қаржыға ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, тауарлы сүт фермалары, жылыжай шаруашылықтары, серпінді бақтар секілді басқа да жобалар жүзеге асты.

"Біздің басты міндетіміз - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолжетімді несие ресурстарын ұсыну. Тиісінше, біздің жұмысымыз клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған", - деді спикер өз сөзінде.

Жыл соңына дейін корпорацияның қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру көлемі 350 млрд теңгеге жетеді деп болжанып отыр.