Аграрлық несие корпорциясының төрағасы Алмат Әшірбеков бастаған делегациясы Алматы облысындағы нысандарды аралады. Олардың қатарына «Бірлік» акционерлік компаниясы» АҚ, «EURASIAN GREEN PRODUCT» ЖШС жылыжайлары, «Көктал-Агро» ЖШС тауарлы сүт фермасы, сондай-ақ «Жетісу Соя» ЖШС соя өңдеу зауыты бар. Корпорация басшылығы фермерлермен кездесіп, нысандар құрылысының барысы жайлы және кәсіпорындарды пайдалануға беру туралы маңызды мәселелерді талқылады, жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ кері байланыс алу, оның ішінде жаңа кредиттік өнімдерді әзірлеу және жақсарту кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ұсыныстарын тыңдады.
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.