Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпроациясы» АҚ өкілдері қостанайлық фермерлердің сұрақтарына жауап берді

Іс-шараға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Айдын Досқараев, Қаржы институттары мен несие серіктестіктерін қаржыландыру департаментінің директоры Нұрлан Даутов, Қостанай облыстық филиалының директоры Олег Рабченюк және корпорацияның клиенттері қатысты.

Айдын Досқараев кездесуге қатысушыларға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға шағын несие беру» бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы айтып берді.

Брифинг барысында Айдын Еділханұлы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын есепке алғанда Аграрлық несие корпорациясының жалпы қаржыландыру жоспары 2023-жылы 500 млрд теңге болғанын хабарлады. Оның ішінде Қостанай облысына 23,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктеріне байланысты бірінші жартыжылдықта жоспар артығымен орындалып, фермерлерге берілген қаржы көлемі 25 млрд. теңгеден асты.

Кездесуде фермерлер несиелеу бағдарламалары мен субсидия мөлшерлемелеріне қатысты өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында несие серіктестіктерінің өкілдерімен кездесу өтті.