Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Өнімділік екі есеге артты

«Радон-Агро» шаруа қожалығының басшысы Сергей Козик бірнеше жылдан бері дәнді және майлы дақылдар егеді. Егістік алқабы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Кенесары ауылына қарасты аумақта. 2015 жылы қожалық құрған фермер 500 гектар жерге егін егіп келген. Уақыт өте келе алқапты 1000 гектарға дейін кеңейткен шаруаға орақ науқаны үшін қуатты комбайн қажет еді. Ақыры заманауи агротехника алу үшін былтыр Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. 

«Негізі өзімізде Енисей, Есіл деген комбайндар бар. Бірақ егістік алқап ұлғайған соң заманауи ACROS 595 комбайнын алдық. Соның арқасында еңбек өнімділігі екі есе артты. Аграрлық несие корпорациясы болмаса мұндай қымбат техниканы бірден ақшаға сатып алу мүмкін емес. Былтыр 67 млн теңгеге алған едім, биыл бағасы 120 млн теңгеге қымбаттапты. Бағасы екі есе өсті, тиімді бағамен алып қалдық», - дейді Сергей Козик. 

Ақмолалық шаруаның бұл алғашқы алған несиесі емес. Аграрлық несие корпорациясынан «Кең дала» бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарына несие алып келеді. Егіншілікте тәліми жерді пайдаланып, нөлдік технологияны басшылыққа алған фермердің биылғы орақ науқанына дайындығы жаман емес. Негізінен дәнді, оның ішінде бидай өсіретін шаруа алдағы уақытта да қаржылық серіктесімен байланысты үзбек емес.