Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Павлодар облысына іссапар

2024 жылдың 19 қаңтарында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев және тағы басқа да басшылар бастаған делегация Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында делегация «Жайлау» әлеуметтік фермерлік базарының жұмысымен танысып, облыстағы мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның таныстырылымына қатысты.

«Етті ветеринарлық-санитарлық сараптау» модулін енгізу жобасы Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарында пилоттық режимде іске қосылды.

Бұдан бөлек сапар аясында суармалы егіншілікті дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған Павлодар облысының және қашықтан байланыс арқылы Қазақстанның өзге өңірлерінің фермерлері қатысты.

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл мәселенің маңыздылығын атап өтті.

«Біз барлық өңірлерді дамытамыз, әлеуетіміз жеткілікті, алға қойған мақсатымыз өте үлкен. Жалпы, бірнеше жыл ішінде суармалы жерлерді миллионға, миллион екі жүз гектарға дейін жеткізетін боламыз. Бұл жобаларды қазір Аграрлық несие корпорациясының желісі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде қаржыландыруға дайынбыз. Міндет – суармалы жерлердің аумағын ұлғайту ғана емес, сонымен қатар суарудың заманауи әдістерін қолдану», - деді С.Жұманғарин.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков кеңес аясында фермерлердің сұрақтарына жауап берді.