Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М.Искаковтың Ақтөбе облысына іссапары

Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесуі аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков және тағы басқа да аграрлық салаға қатысты ұйым басшылары Ақтөбе облысының фермерлерімен кездесті. Делегация өкілдері көктемгі егін егу жұмыстарының барысын бағамдап, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шараларды шаруаларға түсіндірді. Сонымен қатар, делегация Аграрлық несие корпорациясы қаржылай қолдау көрсеткен Хромтау ауданындағы АКМЭЗ сұйық май өндіру зауытына барды. Тәулігіне 60 тонна май шығаратын кәсіпорында 120 адам тұрақты еңбек етеді. Мұрат Қуанышбайұлы фермерлердің қатысуымен өткен кеңесте Корпорацияның шаруаларды қолдауға арналған бағдарламаларымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.


chat-bgov

Кеңес ал!