Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ресей компаниясы Қазақстан фермерлеріне жарты миллиард теңгеден астам сомаға мал жеткізбеді

Қазақстан сиыр етін экспорттаушылардың алдыңғы бестігіне кіруге мақсат қойған. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін 2018-2026 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бастаманы ынталандыру құралдарының бірі – «Сыбаға» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы болып табылады. 2019 жылы бағдарлама операторлары арқылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ірі қара мал сатып алуды қаржыландырады.

- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқан фермерлер импорттаушы мемлекетті және жеткізушіні өз бетінше таңдайды. Заң жүзінде және іс жүзінде корпорация ірі қара мал сатып алу операторын таңдау барысында қарыз алушылардың шешіміне әсер ете алмайды. Осы жылы 21,9 млрд теңгеге 31 мыңнан артық ірі қара мал басын сатып алу қаржыландырылды, - деп атап өтті Аграрлық несие корпорациясы басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаев.

Өкінішке орай, жеткізу нарығында клиенттер алдында өз міндеттемелерін толықтай орындай алмайтын компаниялар кездеседі. Осындай жағдайға «Торговый дом КамАгро» ЖШҚ ресейлік компаниясымен мал жеткізу шартын жасаған 15 қазақстандық фермер тап болды. Оның ішіндегі 8 кәсіпкер Аграрлық несие корпорациясынан қаржы алған. Фермерлер тауардың ақшасын уақытылы беріп, малды күні бүгінге дейін ала алмай отыр.   

Клиент пен оператордың арасындағы шарттың орындауымен байланысты қалыптасқан жағдай әр түрлі. Бір жағдайда, «ТД КамАгро» «Герефорд» тұқымды ірі қара малдың 80 басымен қамтамасыз ету тиесілі болса, іс жүзінде компания 32 бас қана жеткізген, оның өзінде асыл тұқымды мал мәртебесін растайтын жалған құжаттарды пайдаланған. Сондай-ақ, жеткізуші малды асыл тұқымдыға айырбастаудан немесе төленген 34 млн теңгені қайтарудан бас тартып отыр.      

Аталмыш ресейлік компаниямен осындай жағымсыз жағдайды Қарағанды облысының қарыз алушысы басынан өткеріп отыр. Фермер жеткізуші қамтамасыз етуі тиіс «Герефорд» асыл тұқымды 297 қашар басына қол жеткізе алмауда. Бұл ретте, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген тауарлық малдың 252,5 млн теңге мөлшеріндегі барлық сомасы жеткізуші компания «ТД КамАгроға» төленген.  

Қазақстанға ірі қара мал жеткізетін барлық операторлардың мониторингі жүргізілетініне қарамастан, қарыз алушылар алақол жеткізушілердің әрекеттерінен сақтандырылмаған. Тәуекелдерді барынша азайту үшін әлеуетті жеткізушілердің тізілімі тұрақты түрде жетілдіріледі. Қазақстан Республикасында сапалы мал шаруашылығын дамыту мақсатында мінсіз беделі бар саланың әлемдік көшбасшыларын тарту жұмысы іске асырылуда.

- Жуық арада тізілімдегі операторлардың жаңартылған тізілімі  күтілуде. Біз қарыз алушыларымыздың мүддесін қорғаймыз. Өйткені олар отандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің дамуына елеулі үлес қосады. Ресейлік «ТД КамАгромен» қалыптасқан жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясы әр қарыз алушымен жеке жұмыс өткізеді, - деп атап өтті Мұрат Дәрібаев.

Естеріңізге сала кетейік, етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының негізі – АҚШ пен Австралия елдерінің үлгісіне негізделген ірі қара мал өсіру фермерлік қожалықтарынан, өнеркәсіптік бордақылау алаңдарынан және заманауи ет өңдеу кешендерінен құралған зәкірлік кооперациялар үлгісіндегі отбасылық фермалар сынды шағын шаруашылықтар құру болып табылады. Өз кезегінде Аграрлық несие корпорациясы кәсіпкерлерді жеңілдікті мөлшерлеме бойынша және барынша икемді шарттармен қаржыландырады.