Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы 2024-жылдың 29-қарашасы күні «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды бастайды

2024-жылдың 28-қарашасындағы жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясы 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 82 млрд теңгенің өтінімдерін қабылдады.

Оның ішінде 176 фермердің өтінімі мақұлданып, жұмысқа алынды. Ал жалпы сомасы 59,9 млрд теңге болатын 508 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құжаттарын жинап жатыр.

Өтінімдердің басым көпшілігі СҚО және Қостанай облыстарының фермерлерінен келіп түсті.

«Биыл алғаш рет көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру ерте басталады. Бұл – фермерлердің тұқым мен тыңайтқыштарды алдын-ала сатып алуларына және техникаларын ерте дайындауларына мүмкіндік береді. Бұрын соңды болмаған мұндай мүмкіндіктер мемлекеттік қолдау шаралары мен нарық көздерінен қаражат тартудың арқасында пайда болды», - деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 2024-жылы Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 320 млрд теңге бөлген болатын. Бұл алдыңғы жылдары берілген 140 млрд теңгемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында Үкіметтің қолдауымен 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады. Оның 560 млрд теңгесіне жуығын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен Аграрлық несие корпорациясы нарықтық капитал көздерінен тартады.

Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барынша қолайлы жағдайда жедел қаржылық қолдауға ие болады.

Сонымен қатар несиені рәсімдеу, кейін өтеу кезінде фермерлерге ыңғайлы болу үшін олар жүгінетін қаржы институттарының саны артып келеді. Мәселен, несиені екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы және Аграрлық несие корпорациясынан рәсімдеуге болады.

Бірінші. Фермерлер үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде сақталды.

Екінші. Көбінесе агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері несие қаражатын алар кезде кепілдігінің жетіспеушілігі проблемасына тап болады. Бұл мәселені ауыл шаруашылығы саласының барлық кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдары айтып келеді.

Мемлекеттік қолдау тетігіне сәйкес, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіреді.

Кеңес алу үшін және «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім беру үшін Аграрлық несие корпорациясының аймақтардағы филиалдарына бару қажет.

Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан алуға болады және Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 Call center нөмірі, Tele 2, Altel үшін 8 701 006 19 91 телефон нөмірі жұмыс істейді.