Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Сандықтау даласын малға толтырмақ

Шаруа Руслан Мейрамов Астанадағы жеті жыл істеген жұмысын тастап, мал бағу үшін ауылға оралды. Қазір ата-бабасының қоныс тепкен жері Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Дорогинка ауылы маңында ірі қара мал шаруашылығын жүргізіп жатыр.

Әкеден қалған кәсіпті кеңейтемін деп Аграрлық несие корпорациясы арқылы несие алған. Бұл қаражатқа Солтүстік Қазақстан облысынан абердин-ангус тұқымды 120 бас сиыр сатып әкелді.

«Жеке шаруашылық ашуды біраздан бері ойластырып жүр едім. Былтыр соның реті келді. Серіктеc досым екеуміз Корпорация көмегімен ірі қара мал мен оның жем-шөбін сатып алдық. Несиенің тиімділігі сол – бастапқы екі жыл ештеңе төлемейсің. Осы уақыт ішінде малды көбейтіп, аяққа тұрып алуға мүмкіндік бар», - дейді «Нұр-Даур груп» ЖШС басшысы Руслан Мейрамов.

Шаруа болашақта етті мал басын 300-ден асыруды жоспарлап отыр. Алайда, жайылым жері тар. Әкімдік қосымша жер берсе, қожалық иесі Сандықтау даласын малға толтыруды армандайды.