Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Сапалы сүт - табыс кепілі

Алматы – республика бойынша сүт өндіруден алдыңғы қатарлы өңірдің бірі. Елімізде былтыр 6,2 млн тонна сүт сауылса, соның 842 мың тоннасы осы облыста өндіріліпті. Бұл көрсеткішке үлес қосқан қожалықтың бірі Ұзынағаш ауданының Шиен ауылында. «Болашақ Агро» шаруа қожалығының басшысы Темірлан Мырзақұл сүт өндірудің сәтті жоба екенін білген. Бірақ заманауи тауарлы-сүт фермасын құруға біраз қаржы керек. Сол себепті кәсіп иесі Аграрлық несие корпорациясының Алматы филиалына жүгінген.

«Алғашында Еуропадан 32 бас симменталь және 68 бас голштинофриз тұқымды құнажын әкелдік. Биыл 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын аштық. Күніне 4 тоннаға дейін сүт алсақ деген ойымыз бар. Мұның барлығы жеңілдетілген несие алу арқылы қол жеткен көрсеткіш. Қазір сол асыл тұқымды шетелдік сүтті сиырларды ауа райына бейімдеп, қолмен ұрықтандырып отырмыз», - дейді «Болашақ Агро» шаруа қожалығының басшысы Темірлан Мырзақұл.

Алдағы уақытта агрокәсіпкер шетелден арнайы құрал-жабдық әкеліп, шағын сүт өңдейтін цех ашпақ. Міне, осылайша өздері өндірген сапалы шикізатты өздері қайта өңдеп, дүкен сөрелеріне жеткізуді көздеп отыр. Әзірге, шикізат өзге өңірдегі сүт зауытына жөнелтіледі. Мұнда 25-тен астам адам жұмыспен қамтылған. Қазір қожалық қыстың қамына кірісіп, жем-шөп жинап жатыр. Бұған қажетті қожалықта техника да, ресурс та, мүмкіндік те жеткілікті.