Сапар аясында ол «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-нің банан, қызанақ және құлпынай өсіретін жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Жылыжай кешені Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 5 га алаңда орналасқан. Мұнда өндірістік қуаты жылына 1 140 тоннаны құрайтын бананның кішкентай сорттары өсіріледі. Бүгінгі таңда Компания 6 гектар жерге жаңа жылыжай кешенін салу үшін Аграрлық несие корпорациясына жүгініп отыр. Оның 5 гектарына қызанақ, 1 гектарына құлпынай екпекші. Болашақта жылыжай кешенінен жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ, 130 тоннадан астам құлпынай өнімі жиналады деп жоспарланып отыр.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады