Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Бүгін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері жұмыс сапарымен Ақкөл қаласына барды

Басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков, Төраға орынбасары Руслан Төлегенов, Атқарушы директор Жанат Алин және Астана қаласы филиалының директоры Асет Кушкунбаев бизнес-процестерді цифрландыру және автоматтандыру арқылы несие қызметін жетілдіруге қатысты жүргізілген жұмыстар аясында Ақкөл ауданы Ауыл шаруашылығы бөліміне, Халыққа қызмет көрсету орталығына және «№1 астық қоймасы» элеваторына барды.

Сапар барысында Ақкөл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы өтінімдерді қабылдаудан бастап тіркелген кепіл шарттарын беруге дейінгі кепілмен қамтамасыз етуді тіркеу процестерін көрсетті.

Сондай-ақ, Ақкөл ауданының кепілдікті тіркеу процесіне қатысатын жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметімен танысты.

Аграрлық несие корпорациясының басшылығы сапар аясында кепілдік шарттарын, астық қолхаттарын тіркеу процестерін жеделдетуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқылады. Корпорация фермерлердің Агроөнеркәсіп кешеніндегі несиелерге қолжетімділігін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.