Аграрлық несие корпорациясы дәнді дақылдар үшін топырақта ылғалдың болмауынан сақтандыру бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлайды. Бұған дейін астықты сақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаны туралы хабарланған болатын. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сақтандыру полисінің құнын төмендету, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру нарығына жаңа қатысушыларды тарту және өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайту үшін мемлекет сақтандыру сыйақыларын субсидиялайды: мысалы, фермерлер үшін сақтандыру полисінің құны субсидиялаудың көмегімен 50%-ға төмендейді. Сақтандыру шарттарын www.qoldau.kz сайтындағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде жасауға болады. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы – Аграрлық несие корпорациясы.