Аграрлық несие корпорациясы сақтандыру компанияларының АӨК саласында сақтандыруды мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2024-2025 жылдарға арналған күздік дақылдардың егістігін құрғақшылықтан сақтандыруға өтінімдерді қабылдауының басталғаны туралы хабарлайды. Сақтандыру өнімі топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігіне негізделген тәуекелді қамтиды. Сақтандыру Kezekte.kz платформасында онлайн режимінде жүргізіледі. Күздік дақылдарды сақтандыруға өтінім 2024 жылдың 29 тамызына дейін берілуі керек. Фермер жеке кабинетінде егіс алқаптарын көрсетіп, сақтандыру компаниясын анықтауы тиіс. Сондай-ақ сақтандыру шартын жасасып, сақтандыру сомасының 20% мөлшерінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеуі қажет. Сақтандырушы өз кезегінде оператордың атына сақтандыру сыйақысының 80%-ын субсидиялауға өтінім жібереді. Күздік дақылдар егілетін жердегі топырақ ылғалы тапшылығын сақтандырудың негізгі шарттары (3 кезең): сақтандыру кезеңі 2024 жылғы 15 қыркүйектен 2025 жылғы 30 маусымға дейін; сақтандыру тарифі сақтандыру сомасынан 4,8%; ең жоғары сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасының 48%-ын құрайды. Келесі аймақтардың фермерлері егіндерін сақтандыра алады: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары.
20.07.2026 Фермерлерге қосымша мүмкіндік: егісті сақтандыруға өтінім қабылдау 31 шілдеге дейін ұзартылды
16.07.2026 «Бәйтерек» холдингінің даму институттары 25 жыл ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 7,8 триллион теңгеден астам инвестиция салды.
03.07.2026 Топырақтағы артық ылғал қаупінен егіс алқаптарын сақтандыруға өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды